2024 жылы 12 сәуір күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында ғарышкерлер күніне арналған «КОСМОСтарт» квест ойыны өткізілді.
Мақсаты:
- білім алушылардың ғарыш кеңістігі туралы түсініктерін жүйелеу және кеңейту, олардың ой-өрісін дамыту;
- есте сақтауды, зейінді, жаңа ақпараттарды білуге деген ұмтылысты дамыту.
Ойынға қатысушылар сегіз ғарыш станциясында ғарышқа сапар шегуі керек:
✔ эмоджи бойынша планеталардың атауларын құрастырды;
✔жұмбақтарды шешіп, онлайн викторина сұрақтарына жауап берді;
✔өз тұрғындарымен бірге командалық планетаның суретін салып, атауын ойлап тапты;
✔ғарыш туралы мүмкіндігінше көп сөздерді атады;
✔ сөзжұмбақтар шешілді.
Студенттер станциялардағы барлық тапсырмаларға белсене қатысып орындады. Іс-шара «Ғарыш рейсі» ғылыми-фантастикалық фильмін көрумен қорытындыланды.


